A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
2013

1.​ Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушi туралы мәлiмет — Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттiк қызметтер саны — 5 мемлекеттiк қызмет:

- II, III және IV санат объектiлерiне қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру;

- II, III және IV санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру;

- су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру;

- ағаш кесу және орман билетiн беру;

- облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет саны — 1;

Тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет саны:

5 мемлекеттiк қызмет — тегiн;

0 мемлекеттiк қызмет — ақылы.

Қағаз және (немесе) электронды түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет саны:

3 мемлекеттiк қызмет — қағаз түрiнде;

мемлекеттiк қызмет — қағаз және (немесе) электронды түрде.

Бекiтiлген стандарттар мен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет регламенттерiнiң саны:

0 мемлекеттiк қызмет стандарты;

0 мемлекеттiк қызмет регламентi.

3) Ең көп талап етiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат.

2013 жыл бойы Басқармамен 2392 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:

II, III және IV санат объектiлерiне қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 913;

II, III және IV санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру — 919;

Ағаш кесу және орман билетiн беру — 517;

Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы- 43.

2.​ Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпараттарға қол жеткiзу орындары мен көздерi туралы мәлiмет.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн стандарттар мен ақпараттар уәкiлеттi органның интернет-ресурсында — www.akmo.kz, www.elicense.kz. Порталында, сондай-ақ, « Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер» қабырға тақтасында орналастырылған.

Сонымен қатар мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығымен 1414 телефоны бойынша да берiлуi мүмкiн.

3) Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет процесiнiң мөлдiрлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).

2013 жыл бойына мемлекеттiк орган (ведомствоға қарасты ұйым) мамандарының газет және басқа да баспа беттерiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерiне қатысты 7 мақаласы жарияланды.

3.​ Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету процесстерiн жетiлдiру жұмыстары

1) Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесстерiн оңтайландырудың және автоматтандырудың нәтижелерi.

Көрсетiлетiн 5 мемлекеттiк қызметтiң 2-i жартылай автоматтандырылған.

Мемлекеттiк қызмет стандарттарына сәйкес, жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi алушылармен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынылатын қағаз тасығыштағы құжаттар саны азаюда, электронды түрге ауыстырылуда, мемлекеттiк қызметi көрсету мерзiмi де кемiдi.

2) Мемлекеттiк қызметтi көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

А.Е.Құсманова — экологиялық сараптау бөлiмiнiң басшысы, 2014 жылғы 10 қарашадан бастап 14 қараша аралығында Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы» МКҚК «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызметтi көрсету жүйесiн жетiлдiру» тақырыбында бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өтедi.

«НИТ» АҚ тұрақты түрде жекелеген тәртiпте мемлекеттiк қызмет көрсету саласында мамандарды оқыту жүргiзедi.

3) Мемлекеттiк қызмет көрсету процесстерiн нормативтiк-құқықтық жағынана жетiлдiру — мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерiне сәйкес көрсетiледi.

4.​ Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет сапасын бақылау

1) Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерiне байланысты шағымдары туралы ақпарат (қосымша) — 1 шағым.

2 Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет сапасына жүргiзiлген iшкi бақылау қорытындылары — 1 бұзушылық.

3) Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет сапасына көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органмен жүргiзiлген бақылау қорытындылары — жүргiзiлген жоқ.

4) Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысы — жүргiзiлген жоқ.

5.​ Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануы мақсатында, Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер жайлы ақпарат қабырға тақтасында, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылды, көрсетiлетiн мемлкеттiк қызметтi алушылар үшiн қажеттi құжаттарды дайындау және күту уақытына жағдайлар жасалдған (күту уақытына арналған жұмсақ орындықтар, құжаттар толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар қабырға тақталарымен жарақтандырылған), сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi Басқармаға жүгiнбей-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы www.e.gov.kz алуға болады (қолданылуы жөнiндегi нұсқаулық сайтта орналастырылған).

Орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың,

Республикалық маңызы бар қалалардың,

астананың, аудандардың,облыстық маңызы бар

қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының,

қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар,

кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң

мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi

жөнiндегi қызметiнiң есебiне қосымша

Нысан
Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерiне байланысты шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет Шағымның мәні Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қаралу мерзімі Шағымның қаралу нәтижесі бойынша құжат № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет
1 2 3 4 5 6 7
ЖК Гулакова В.В., ЖК Коваль В.Ф. және басқалары Жобалау құжаттама-ларын қабылдаудан бас тарту Ақмола облысының табиғатты қорғау прокуратурасы және Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 30.09.2013 жыл № 173-Д бұйрық Ескерту түріндегі тәртіптік жаза жоқ

 

Мақаланың шыққан күні: 31.01.2017 10:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2017 10:55
Қаралым саны: 1300

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz