A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Өрт-2018» облыстық тактикалық командалы–штабтық оқыту-жаттығулары өткізілді

Облыс әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 31 қаңтардағы №А-2/54 «Ақмола облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар туралы» қаулысын орындау аясында 2018 жылғы 4 мамырда Бұланды ауданының аумағында (Макинск қаласы) Отрадненск орман шаруашылығы мекемесiнде «Өрт-2018» облыстық тактикалық командалы–штабтық оқыту-жаттығулары өткiзiлдi.

Орман және дала өрттерiн сөндiруге жедел ден қою мақсатында, оқу-жаттығуларын өткiзу кезеңдерiнде орман шаруашылығы мекемелерiнiң, аудан әкiмдiгiнiң, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ТЖ өртке қарсы қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тартумен өзара тәжiрибелерi пысықталды.

ТКШО жеке құрамның 68 адамы, өртке қарсы, инженерлiк, арнайы және көмекшi техникаларының 16 бiрлiгi жұмылдырылды, оның iшiнде орман шаруашылығы мекемелерiнен (Отрадный, Ұрымқай)10 бiрлiк техника мен жеке құрамынан 24 адам қатыстырылды.

Оқу-жаттығулары аяқталғаннан кейiн жедел штаб басшылығымен ұйымдастырушыларға (М.Қ.Шапағатов, Б.К. Негметов) өрт сөндiру қызметiнiң өзара бiрлескен iс-қимылдарына, олардың орман және дала өрттерiн сөндiру кезiндегi жеделдiгiне оң баға берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 05.05.2018
Қаралым саны: 352

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz