A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Қалдықтарды түгендеу жөнiндегi есеп нысанын және оны толтыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы.

Табиғат пайдаланушыларға малiмет үшiн: ҚР ЭК 154-бабы мен 1-бабының 71-тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылар (табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар) есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейiн жыл сайын қалдықтарды түгендеу жөнiндегi есептi ұсынады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексi 17-бабының 29) тармақшасына және "Мемлекеттiк статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қалдықтарды түгендеу жөнiндегi есеп нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қалдықтарды түгендеу жөнiндегi есеп нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгiнiң Қалдықтарды басқару департаментi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оның көшiрмелерiн күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында, "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында және мемлекеттiк органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi берудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрiнiң                                          М. Мырзағалиев
мiндетiн атқарушы

Формы отчета по инвентаризации отходов и инструкции по ее заполнению. (DOCX 39 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.01.2021
Қаралым саны: 132

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2021 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz