A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Зимбұлақ өзенінің оң жағалауы бойынша учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Ақмола облысы Ерейментау
ауданының аумағында орналасқан
Зимбұлақ өзенiнiң оң жағалауы
бойынша учаскесiне су қорғау аймағы
мен белдеуiн және оларды шаруашылыққа
пайдалану режимiн белгiлеу туралы

2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №11838 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Зимбұлақ өзенiнiң оң жағалауы бойынша учаскесiне су қорғау аймағы мен белдеуi белгiленсiн.

2.Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Зимбұлақ өзенiнiң оң жағалауы бойынша учаскесiне су қорғау аймағы мен белдеуiн шаруашылыққа пайдалану режимi белгiленсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Ғ.К. Әбдiхалықовқа жүктелсiн.

4.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                                                       Е. Маржықпаев

«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасының
Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң
сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң
Ақмола облысы бойынша тауарлар
мен көрсетiлетiн қызметтердiң
сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау
департаментi»
республикалық мемлекеттiк
мекемесi

«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлiгi
Су ресурстары комитетiнiң
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөнiндегi
Ертiс бассейндiк инспекциясы»
республикалық мемлекеттiк
мекемесi

Қаулы (DOCX 148 Kb)

Қосымша (DOCX 32 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 06.10.2020
Қаралым саны: 77

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz