A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Балық аулау саласындағы шектеулер мен тыйым салулар туралы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Үкiметтiң 2012 жылдың 7 наурыздағы № 303 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында балық ресурстарын аулауға шектеу мен тыйым салынғанын хабарлайды.

Синтетикалық, нейлон немесе басқа да пластикалық, полиамидтi моножiптен және моноталшықтарынан дайындалған ауларды, сондай-ақ электрлiк аулау жүйелерi мен барлық аталған құрылғыларды, үшкiр аулау құралдарын қолдана отырып (шанышқы, найза, қапқан), өздiгiнен аулау құралдарын (iлмек, тартпа, артпа), үркiту, сылдырлау арқылы шошыту, қуалау тәсiлдерiмен; жарылғыш және уландырғыш заттарды, сондай-ақ оқ-дәрiмен атылатын қаруларды қолдана отырып балық аулауға тыйым салынған.

Сонымен қатар, балық аулау ережесi мен жануарлар дүниесiн пайдалану рұқсатында көзделген тор көзi кiшi аулау құралдарын пайдалана отырып, балық аулау ережесiнде белгiленген кәсiпшiлiк мөлшерден кiшi балықты аулау; үркiту, сылдырлау арқылы шошыту, қуалау тәсiлдерiмен балық аулауға тыйым салынады.

Балықтардың көбею кезеңiнде олардың шоғырлану орындары мен өрiстеу жолдарында; қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезеңiнде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде балық аулауға тыйым салынған. Сондай-ақ, ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың сегiз пайызынан және сүзгiш аулау құралдарында бес пайызынан артық көлемде өзге балық түрлерiнiң және кәсiпшiлiк мөлшерiне сәйкес емес балықтың аулануына тыйым салу енгiзiлген.

Балық аулауға шектеу мен тыйым салу тәртiбi ғылыми-зерттеу (мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде) бақылау, мелиоративтiк, эксперементалдық аулауды,өсiмiн айту мақсатында аулауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлы балықты жасанды өсiру үшiн пайдаланылатын су айдындарына қолданылмайды.

Осыған байланысты, уәкiлеттi органдар тыйым салынған аулау құралдарын тарату мен пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге қатысты үнемi рейдтер жүргiзiп отырылады. Мұндай құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, ұсталған азаматтар әкiмшiлiк және де қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын болады.

«Ақмола облысының табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалану реттеу басқармасы»
ММ жануарлар дүниесiн қорғау
бөлiмiнiң бас маманы                                                                                                                         М.Ж.Шаймердинов

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2017
Қаралым саны: 466

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz