A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Экологиялық реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «II, III және IV санаттардағы объектiлерге мемлекеттiк экологиялық сараптама беру» және «II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру» бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

Облыстың табиғат пайдаланушылары мемлекеттiк қызметтi алу үшiн «е-лицензиялау» web-порталы арқылы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тiкелей мемлекеттiк органға өтiнiм бере алады.

Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмi II санаттағы объектiлер үшiн — бiр айдан, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтiнiмдердi қарау мерзiмi, объектiлер үшiн:

- II санаттарға өтiнiм тiркелген күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде;

- III санаттарға өтiнiм тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде;

- IV санаттарға өтiнiм тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексiнiң 8-бөлiгi 69-бабы 1-тармағына сай, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылатын табиғат пайдаланушылар шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын объектiлер бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмайды.

Сондай-ақ, сiздердiң назарларыңызға жеткiземiз:

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексiнiң 8-бөлiгi 73-бабы 5-тармағына сәйкес, табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгiзiлген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есептi рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға мiндеттi.

- Қазақстан Республикасы энергетика Министрiнiң 2016 жылғы 17 маусымдағы № 252 бұрықтың 2-қосымшасына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау бойынша iс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн I санаттағы объектiлер бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне және II және III санаттардағы объектiлерi бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына ұсынылады.

Басқарма көрсетiп отырған мемлекеттiк қызметтер туралы ақпаратты upr.akmo.gov.kz сайтынан немесе мына мекен-жай бойынша алуға болады: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89, каб.202, тел.: 8 (716 2) 40-28-07.

Мақаланың шыққан күні: 19.09.2017
Қаралым саны: 843

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz