A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14234 болып тіркелді.

Мәтін Ресми жарияланым Ақпарат Өзгерістер тарихы Сілтемелер Көшіру Басқа

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 17-бабының 29) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің  
міндетін атқарушы М. Мырзағалиев

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_______________ Н. Айдапкелов
15 тамыз 2016 жыл

Жүктеу (DOCX 48 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 22.01.2020
Қаралым саны: 656

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz